41 жастағы әйел өз қызын сатпақ болғаны айтылды

835
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Өзбекстанда 41 жастағы әйел адам жасөспірім қызын сатпақ болғаны үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әйел адам қызын сату үшін арнайы Қашқадариядан келген. Ол 13 жастағы жасөспірім қызын 25 мың долларға бағалап, қаражатты алғаннан кейін мейрамханада тұтқындалған.

Ал әйел қызын сату әрекетін өзінің үйі жоқтығымен түсіндірген. Кейіннен ол бұл әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Пікірлер