ҰҚК қылмыстық топтың 50 адамын ұстады (ВИДЕО)

270
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның үш ірі қаласында және алты өңірде ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы ауқымды операция өткізді. Оның нәтижесінде 50 адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді. Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде»,–делінген хабарламада.

Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктеліп отыр. Сондай-ақ 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 миллиард теңгеден аса мүлікті тонаған.

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

«Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды»,—деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Пікірлер