Ақмола мектептері жыл сайын жаңа модификация кабинеттерімен толықтырылады

855
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы.
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021 жылдан бастап облыста жыл сайын ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. 2021-2025 жылдары облыста жыл сайын 94 мектептен тұратын 470 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Жаңғырту аясында мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіліп, көркем әдебиет пен заманауи оқу жабдықтары сатып алынып, пәндер бойынша жаңа модификация кабинеттері ашылды. Ескірген мектеп жиһазы жаңартылып, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мысалы, 2024 жылы облыста 420 млн.теңге сомасына 51 жаңа модификация кабинеті сатып алынып жабдықталды, оның ішінде 9 биология кабинеті, 16 физика кабинеті, 6 химия кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, сондай-ақ 17 STEM кабинеті және 2 робототехника кабинеті. Сонымен бірге жыл сайын қалалық және ауылдық мектептердің пәндік кабинеттеріне арналған жабдықтарды жаңарту жүргізіледі.

«Биыл Ақмола облысы Жақсы ауданының мектептері үшін 8 мектеп жиһаздары сатып алынды. Ал Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушылары енді жаңа жабдықталған физика кабинетінде оқиды», - деп бөлісті Жақсы ауданы білім бөлімінің мамандары.

Кабинеттер биология, физика және химия бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған оқу және техникалық құралдарды қоса алғанда, заманауи білім беру жабдықтарымен жабдықталған.

Әрбір жаңа оқу кабинетінде заманауи парталар, шкафтар, демонстрациялық үстел, интерактивті панель, компьютер, мультимедиялық зертхана, желілік сүзгі, гарнитура және мұғалім үшін де, оқушылар үшін де үздіксіз қуат көзі бар. Мұның бәрі мұғалімге балаларға сабақтарды қызықты және креативті өткізуге көптеген мүмкіндіктер береді.

Қазіргі уақытта облыстың 493 жалпы білім беретін және негізгі мектептері биология, физика, химия, STEM және жұмыс техникасы бойынша 1100-ден астам кабинеттермен қамтамасыз етілген.

Пікірлер