ҰҚК Шекара академиясының курсанты қайтыс болды

1076
Adyrna.kz Telegram
фото: Elorda.info
фото: Elorda.info

ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шекара академиясының 3 курс курсанты 22 қыркүйекке қараған түні өзіне қол жұмсаған.

Бұл ақпаратты қалалық ПД растады.

Желіде жас жігіттің Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіргені туралы ақпарат тараған болатын. Белгілі болғандай, 2005 жылы туған жігіт Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының курсанты болған.

"Дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайы белгіленеді", - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Әскери оқу орнының курсанты 21 қыркүйек күні академия аумағынан қалалық сейілге шығуға рұқсат алған. Оның сол күні жоғары қабаттан секіріп, оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды.
Пікірлер