Мырзахметов ісі бойынша 7 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

133
Adyrna.kz Telegram
фото: “Атамен” ҰКП
фото: “Атамен” ҰКП

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты 7 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша А.И. Заңсыз жолмен алынған 7 млрд теңге мемлекет кірісіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер бойынша 195 миллиард теңгеге жуық шығынды өтеген.

Соңғы 2,5 жылда олигополияларды қоса алғанда, Қазақстан халқына 1,09 триллион теңге қайтарылғаны хабарланды.

Пікірлер