Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділдә түрмеден шыға сала миллионер атанды. Ол TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд жаңартқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Блогер жарты сағаттың ішінде 151,5 миллион лүпіл жинап үлгерген. Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд болып саналады.
Үшінші рекорд Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 мың адам бөліскен. Сонымен қатар тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минутта 6 024 549 реакция жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңгеге бағаланады.