Ақмолада ер адам өз анасын ұрып, түрлі жарақат салған

1116
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media

Ақмола облысының тұрғыны анасын ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының 73 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Кейіннен белгілі болғандай қарияны баласы ұрып-соққан.

ПД кейуананың 1991 жылғы ұлы туған анасын ұрып-соққанын хабарлады. Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталып, сот-медицина сараптамасы тағайындалды.

Пікірлер