Ақмолада ер адам өз анасын ұрып, түрлі жарақат салған

2469
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpg?token=38c5ebc3273c5e0766c583d68e9bfd4a
Ақмола облысының тұрғыны анасын ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 17 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының 73 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Кейіннен белгілі болғандай қарияны баласы ұрып-соққан. ПД кейуананың 1991 жылғы ұлы туған анасын ұрып-соққанын хабарлады. Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталып, сот-медицина сараптамасы тағайындалды.
评论