Астанада жеті жастағы баланы лақтырмақ болған балалардың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Төрт ата-ана өз кінәсін мойындап, балаларын дұрыс тәрбиелеуге және олардың тәртібіне назар аудармағанын мойындады.
Балалар өз досын кіреберіске алып келіп, тұрғын үй кешенінің үшінші қабатынан лақтырмақ болған.
Төрт ата-ана өз кінәсін мойындап, балаларын дұрыс тәрбиелеуге және олардың тәртібіне назар аудармағанын мойындап, айыппұл арқалады.
Заңға сәйкес (ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі), ата-аналардың балаларына тәрбие беруге міндеттерін орындамауы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сот ата-аналарды кінәлі деп танып, оларға айыппұл салды. Қаулыда балалардың негізгі тәртіп ережелерін білмегені және бұл жағдай өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені айтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Сапасыз құрылыс па, әлде оқыс оқиға ма? Қарағандыда қатты дауылда ұшып кеткен баланың жағдайы қандай?
