"Қорқынышты" хабарлама. Атырауда теракт туралы тағы да ақпарат тарады

1843
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Атырау полицейлері балаларға "шабуыл жасалатыны" туралы хабарламаға түсінік берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде қала мектептеріне бейтаныс тұлғалардың шабуыл жасайтыны туралы жалған ақпарат тарап жатқанын анықтаған.

"Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын. 26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатырмыз. Мектеп оқушылары штаттық режимде оқуын жалғастырып жатыр, полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - деді Атырау полиция басқармасы бастығының орынбасары Әнуар Көкалов.

Бұл хабарлама халық арасында үлкен дүрбелең тудырды. Теракт туралы ақпараттан кейін 50 мыңға жуық бала сабаққа бармаған.

Алайда тұрғындардың хабарлауынша "қорқынышты" хабарлама әлі де жолданып жатыр.

Пікірлер