Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары – терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.
Рахымбердиевтің бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің бірін басқарғаны белгілі.
Ұқсас жаңалықтар
ҰҚК офицері өзіне кім тапсырма бергенін жайып салды. Сонда олардың немен айналысып жүргені белгілі болды.
