«Қорқыт» телехикаясы тағы бір халықаралық кинофестивальде үздік атанды

322
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qazaqstan.tv
Фото: Qazaqstan.tv

Түркі халықтарына ортақ Қорқыт тұлғасына арналған тарихи драма Өзбекстан, Әзірбайжан телеарналарынан да көрсетілді. Алдағы уақытта қырғыз, түрік тілдеріндегі нұсқасы эфирге шығады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген төрт бөлімді «Қорқыт» тарихи биографиялық телехикаясы Toronto International Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік телевизиялық сериал» аталымы бойынша үздік деп танылды. Солтүстік Америкадағы ірі фестиваль 5-15 қыркүйек аралығында өтті. Бұл - кино саласындағы беделді байқаулардың бірі.

Айта кетейік, тарихи драма бұған дейін Montreal International Film Festival кинофестивалінің «Үздік костюм» және «Үздік грим» номинациясын жеңіп алған болатын. Туындының продюсері –  Шолпан Батырбаева,  режиссері  –  Қанағат Мұстафин.

Сериалдың барлық бөлімдерін «Qazaqstan TV»

"> YouTube арнасынан көре аласыздар

Пікірлер