Сархат Бейсенова Қазақстанның Бас санитар дәрігері болып тағайындалды

971
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова болған. Биыл шілдеде ол денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитар дәрігер қызметінен босатылды.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болған.

Ол еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.

2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары болды.

2017-2019 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.

Пікірлер