Коронавирустың салдары өмір бойы сақталуы мүмкін

3981
Adyrna.kz Telegram

Коронавируспен ауырып болған пациенттерде сырқат салдары үш айдан өмір бойына дейін сақталуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Көп жағдайда постковидтік синдром байқалады. Адамдардың төрттен үш бөлігінде бұл синдром он екі аптаға дейін созылады. ал қалғандарында 12 аптадан өмір бойына дейін жалғасуы ықтимал», - деді жоғары санаттағы дәрігер Алексей Водолазов.

Оның айтуынша, бұл синдромның белгілері жиырмадан алпысқа дейін жетеді. Мәселен, бас, буын, бұлшықеттер, кеуде тұсы ауырып, ұйқы бұзылуы мүмкін. Кей кезде депрессия болып, когнитивтік функциялар өзгереді.

Дәрігер мұндай жағдайдың себебі әлі белгісіз деп отыр. Ол сырқаттан тез қалыпқа келу үшін жаттығулар жасап, көбірек жүруге кеңес берді.

Коронавирустан кейін жүйе жүйесін ретке келтіру мән беру керектігі айтылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер