ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚАДІРІ

14871
Adyrna.kz Telegram

 

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік мақала» аталымы бойынша Айгерім ӨМЕШ.

 

Автор: Айгерім ӨМЕШ

 Байланыс телефоны: 87084049831

Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас деген қанатты сөзбен эссемді бастауды жөн көрдім.Туған жер ата-бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер.Әрбір адам үшін туған жері әруақыттада қымбат.Туған жерсіз адамның күні жоқ деп білемін.Отан,Туған жер,Қазакстан,Әнұран,ту,елтаңба  деген ұғымдар мен үшін ең қасиетті құндылықтар.Тіпті менің өмірімдегі басты құндылықтар десем артық айтпағаным. Отан 4 әріптен тұрсада неткен қасиетті ұғым десеңізші.Отан сенің туған елін,туған жерін,дос-жарандарын,ағайындарын.Отан деген үлкен ұғымның ішінде әр адамның өз туған жері, туған үйі,алтын ұясы,сүйікті көшесі бар екенін білеміз.Сол сияқты менің де туған жерім бар.Туған жерімТұрар Рысқұлов ауылы.Тұрар Рысқұлов ауылы Түлкібас ауданының орталығы.Меніңше Түлкібас десе адамның көз алдына әсемде көрікті мекен елестейді.Түлкібас еліміздегі қасиетті,тарихы терең аймақтың бірі.Түлкібас аймағы Қаратау мен Алатаудың түйіскен төрі.Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай: Түлкібас сұңқарлар ұшқан жер,Тұлпарлар туған жер.Мен туған жері мен,Отанымның Қазақстан болғандығымен,бір сөзбен айтқанда қазақтың қызы болғаныммен мақтанамын.Дана халқым туған жердің қадірін білсін деп бізге мына теңеулерді тектен-тек айтпаған деп ойлаймын:

1.Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?
2.Туған жердің артығын жазатайым іс істеп,күштілерге күш етіп,еріксіз елден айырылған,шеттен дәмі бұйырған,жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?
3.Ыстық қой,Шіркін туған жер! Туған жерге жеткенше қайтіп дәтің шыдайды?
Кім сағынбас өз елін? Кім сүймесін өз жерін? Сүйме сүймес зердесіз,шерсіз жүрек,тілеуі бөлек жетесіз.
     Мен үшін туған жерден ыстық,қадірлі,қымбат ештеңе жоқ.Болуыда мүмкін емес.Өз елімнің,Туған жерімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болсада өз үлесімді қосқым келеді.Мен елімді,жерімді сүйемін.Мен тілімді,дінімді сүйемін.Туған елдің,Туған жердің қадірін білейік.Мен бірде Қазыбек бидің бір өлең жолын оқыған болатынмын.Ол өлеңде туған жердің қасиетті екені ерекше бағаланатындығы айтылған болатын.Сол өлең жолымен эссемді аяқтауды жөн көрдім:Алтын ұян-отан қымбат,
Туып өскен-жерін қымбат,
Кіндік кескен-жерін қымбат.
Пікірлер