Олимпиада жүлдегері сарбаздармен кездесті

818
Adyrna.kz Telegram

Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөліміне келді.

Ел намысын әлем біріншілігінде қорғап, көк Туымызды көкке көтерген Отандасымыз  рухы мықты, күш-жігері тасып тұрған жалынды жастардың қатарынан. Кездесу барысында ол құқықтық тәртіпке жауапты жауынгерлерге өз ақыл-кеңесін айтып, Отанға адал қызмет етіп жүргендері үшін алғыс білдірді.

Шара соңында 5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараев та чемпионға жеңісімен елімізді әлемге мойындатқаны үшін ұландықтар атынан алғысын жеткізді. Сондай-ақ құрметті қонақты “Оңтүстік“ өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал- майор Талапкер Әміреевтің алғыс хатымен марапаттап, естелікке сыйлық табыстады.

Пікірлер