Туған күні қарсаңында. Қарт қайраткерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

842
Adyrna.kz Telegram
фото: almaty.tv
фото: almaty.tv

Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», - делінген хабарламада.

Осы жылдар ішінде Тоқпақбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Қорғаныс министрлігін басқарды, биліктің жоғары эшелонында басқа да бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды, Мәжіліс депутаты болды. Сонымен қатар, Сәт Бесімбайұлы - көптеген түрлі марапаттардың иегері.

Сәт Тоқпақбаев 17 қыркүйекте 85 жасқа толмақ.

Пікірлер