Маңғыстауда астан уланған балалардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

864
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Маңғыстау облысының әкімдігі астан уланып, 2 баланың жансақтау бөліміне түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әкім Нұрдәулет Қилыбай уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайымен танысты.

Ауруханада 67 бала ем қабылдап жатыр.

"Науқастарға тиісті емдеу шаралары тағайындалған. Дәрі мен төсек-орын жеткілікті. Қазір ең маңыздысы – балалардың денсаулығы", – деді облыс әкімі.

Еске салайық, балалардың жаппай улануы Бесшоқы ауылында тіркелген еді.

Пікірлер