Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Экс-президент елдің тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін Бұхара қаласына барған. Ал сапар барысында Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті. Бұл кездесу Мирзиеевтің аталған облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.
Бұрынғы президент Назарбаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін экс-басшы БАӘ жүргенінде көзге түскен еді.