Маңғыстаудағы астан уланған оқушылар. Полиция іс қозғады

989
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысындағы мектептердің біріндегі асханадан уланған оқушылардың жағдайына байланысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы қазір оқушылардың жағдайы бақылауда екенін мәлімдеді.

“Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улану фактісі бойынша полиция ҚР ҚК-нің 304-бабы, 1-бөлігі (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу, абайсызда жаппай ауруға, инфекцияға, сәулеленуге немесе улануға әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғады және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мұнайлы ауданында уланған оқушылардың денсаулық жағдайы-жіті бақылауда. Оқиғаға байланысты құзыретті органның өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова ауруханаға барып, оқушылардың қазіргі жағдайымен танысты. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Улану себебін анықтау үшін Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне хабарлама жіберілген.

Еске салсақ, Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалғанын хабарлаған едік.

Пікірлер