Павлодар облысында 14 миллиард теңгеге тауарлы-сүт фермасы салынуда

866
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында 14 млрд теңгеге тауарлы-сүт фермасы салынуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Шаруашылық 1892 бас малға есептелген. Жобаның құны 14 млрд теңгені құрайды, қазір бұзау қоралары мен сауын алаңының құрылысы аяқталды», - делінген хабарламада.

Сүт фермасының құрылысы 2023 жылы басталғаны хабарланды. Облыста барлығы 36 тауарлы-сүт фермасы бар.

Сондай-ақ, ірі СТФ-тер шетелдік өндірушілердің жабдықтарын пайдаланады.

«Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту аясында облысқа алты сүт-тауар фермасын салуға және кеңейтуге 10 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде төрт «Агро Трейд ПВ», «Галицкое», «Үштерек и К» ЖШС және «Плоуман» шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр», - делінген хабарламада.

Пікірлер