«Ешқашан өркениетті ел болмаймыз». Баян Алагөзова әйелдерді кемсітетін блогерді сынады

889
Adyrna.kz Telegram

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әйелдердің құқығын шектейтін ой айтқан блогерге ашуланып, пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желіде Жанәділ Райымбековтің "Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды" тақырыбындағы видеосы тарады.

“Мұндай адамдар бізді әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек әйел оның меншігі болуы үшін Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады", – деп ашуланды продюсер.

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы басқа да сала мамандарына блогердің жазалануын талап етті.

“Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін!",  – деп жазды Баян Алагөзова.

 

Пікірлер