Текеліде жалғызбасты әжейді өз үйінде ұрып-соғып, тонап кеткен

922
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысындағы Текелі қаласында егде жастағы әйелге пәтерінде шабуыл жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп.

«Жатын бөлмеден медициналық көмекке мұқтаж қарт әйел табылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді», — дейді Жетісу ІІБ полиция бөлімінің бастығы Дәурен Сәкенов.

Полицияға анасымен байланыса алмаған қызы хабарласқан. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар пәтерге балкон арқылы кірген. Анықталғандай, белгісіз біреу есікті қағып, кейін үйге кіріп, әйелді ұрып-соғып, 300 мың теңгені ұрлап кеткен.

Пікірлер