Қарағандыда 6 көлік соқтығысқан жол апатына белгілі кәсіпкер кінәлі деп танылды

1254
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Жантүршігерлік жол апатына белгілі кәсіпкер Сергей Камаев кінәлі деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кеше Қарағанды қаласында 6 көлік соқтығысып, жол апаты орын алды. Мәліметке сәйкес, адам өліміне себепкер болған Lexus жүргізушісі Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Бизнесменнің кәсібі – машина жасау саласы.

Қатты жылдамдықпен жүйткіген Lexus жүргізушісі өз жолағында келе жатып, алдыңғы көліктің артқы бамперіне соғылған. Салдарынан адам өлімі болды.

Қарағанды ​​облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов бұл іс полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін айтты.

Пікірлер