Қарағандыда алты көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

1088
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда Аманжолов көшесінде алты көлік соқтығысты. Салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, жол апаты 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Аманжолов көшесінде болған.

«Алған жарақаты салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертеді.

Пікірлер