Мектеп директорының оқушылармен билеген видеосы тарады (ВИДЕО)

832
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Әлеуметтік желіде білім күнінде оқушыларымен билеген мектеп директорының бейнесі тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматыдағы 209-шы мектептің директоры оқушылармен бірге билеп, жұртты сүйсіндірді.

Кішкентай оқушылармен билеп, көпті тәнті еткен директордың аты-жөні - Болат Мыңбаев. Ол мектепте 15 жыл бойы қызмет еткен.

Желі оқырмандары "Нағыз ұстаз екен!", "Жарады", "Бәрекелді, ұстаздың бәрі сіз сияқты болса", "Көзінің өзі күліп тұрады екен" деп жарыса жазып жатыр.

Пікірлер