Бостандықтағы бір күн. Павел Дуровтың Париж көшесінде жүрген фотосы тарады

780
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/parismatch
Фото: instagram.com/parismatch

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Парижде қамалып, кейін босап шыққаннан кейін қала көшелеріндегі фотосы пайда болды. Фотосуреттерді француздық Paris Match басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Фотода кәсіпкер өзінен 15 жас кіші қалыңдығы Юлия Вавиловамен бірге жүр.

Суреттерден қара киім мен бейсболка киіп, көзілдірік таққан Дуровқа ұқсайтын адам жас әйелмен бірге Елисей алқаптарын аралап жүргенін байқауға болады.

Ақпаратқа сәйкес, фотосуреттер Дуров 28 тамызда бес миллион еуро кепілақымен босап шығып, Франциядан кетуге тыйым салынғаннан кейін түсірілген.

 

Пікірлер