Павлодарда полицей өзін өлтірген соң, әріптестері жұмыстан кетті

2646
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Павлодарда 22 жастағы полицей өзіне қол жұмсады. Әріптесінің өлімінен кейін бірнеше полицей қызметінен айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Павлодар облысында 22 жастағы кіші сержант осы жылдың маусым айында өзін-өзі атып өлтірген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтіруіне дейін немесе өзiн-өзi өлтіруге оқталуына дейiн жеткiзу, сол сияқты оны өзін-өзі өлтіруге көндіру не соған ықпал ету"бойынша жүргізіліп жатыр.

«Павлодар облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Ертіс ауданы полиция бөлімі мен ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде кейбіреулері атқарып отырған қызметінен босатылды», - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облысы прокурорының орынбасары Ербол Ысқақов.

Пікірлер