Жоғалып кеткен тікұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды

1171
Adyrna.kz Telegram
фото: rus.azattyq.org
фото: rus.azattyq.org

Бір күн бұрын Ресейде тікұшақ жоғалып кеткені туралы дерек тараған болатын. Бүгін Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырағаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құтқарушылар тікұшақтың сынықтарын әуеден тапқан.

«Жоғалған тікұшақтың қалдықтары әуеден табылды. Ол 900 м биіктікте, соңғы рет байланысқа шыққан жеріне жақын орналасқан», - деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеше Ми-8 ұшағы апатқа ұшыраған. Бортта барлығы 22 адамның, 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы болғаны белгілі болды.

Пікірлер