Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Спортшы чемпионаттың екінші айналымында франциялық Джессика Поншемен өтетін ойынға қатысудан бас тартты. Қазақстандық теннисшінің АҚШ ашық чемпионатын жалғастыра алмауына алған жарақаты себеп болып отыр.
«Жарақаттарыма байланысты матчтан бас тартуға мәжбүр болдым. Осы маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирін бұлай аяқтағым келмеді. Алайда денсаулығыма қарауым керек болды. Жыл соңындағы жарыстарды сәтті өткіземін деп ойлаймын»,–деді ол.
Айта кетейік, Елена Рыбакина биылғы маусымда осымен сегізінші турнирге қатысудан өз еркімен бас тартып отыр.