«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамызда бастауын алған болатын.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияны өткізуге аудан және облыс әкімдіктері, мемлекеттік құрылымдар белсенді қатысып, көмек көрсетуде. Республикалық акцияны өткізуге облыстың бизнес-құрылымдары да қатысты. Мысалы, «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры балаларға 12 млн. теңгеге кеңсе тауарлары бар 1199 мектеп рюкзактарын ұсынды.
Ақмола облысының полиция департаменті өңірдің 81 оқушысына жалпы сомасы 4 млн. 100 мыңға жуық теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. «Amanat» партиясының облыстық филиалы 21 балаға қолдау көрсетті. Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, «Ұлттық банк» және «Береке банк» шетінде қалған жоқ.
Кеңсе керек-жарақтарын, мектеп, спорт нысандары мен аяқ киімдерді, маусымдық аяқ киімдер мен форманы, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды сатып алуға көмек көрсетті.
«Мектепке жол» акциясын өткізу кезінде облыс аудандарында (қалаларында) 249 рейдтік іс-шара өткізілді, оған жұртшылық, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатарынан (акцияға қатысушылар) 112 адам қатысты.
175 тұрмысы нашар отбасы, 34 ойын-сауық мекемесі, 4 компьютерлік клуб, 14 саяжай шаруашылығы, 13 базар, 9 теміржол вокзалы тексерілді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 63 кәмелетке толмағандар анықталды, олардың 60-ы қолайсыз отбасылардан.
«Облыс бойынша материалдық көмек алғандардың жалпы саны 20790 бала, көрсетілген материалдық көмек сомасы 823,7 млн.теңгені құрады. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 798,5 млн. теңге сомасына 18399 оқушыға, бюджеттен тыс қаражат есебінен 25,2 млн. теңге сомасына 2391 оқушыға көмек көрсетілді», - деді облыстық білім басқармасының бас маманы Бақытжан Тұтқабаева.
Сондай-ақ, облыс аудандарында аудандық кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелері өтті.