Алаяқтар министр Балаеваның атынан жалған ақпарат таратып жатыр

902
Adyrna.kz Telegram
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ

Мәдениет және ақпарат министрінің атынан жалған ақпарат тарап жатқаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

WhatsApp мессенджерінде Аида Балаеваның атынан фейк тарап жатқаны туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын хабарлайды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады”, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Пікірлер