Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

4126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3ZhwOM5R5fRVL3vM18ab2zPHjhquGP8usPFVZReg.jpg

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне жаңа төраға болып Әлішер Мұқажан тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлішер Мұқажан 2017–2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінде сарапшы болып жұмыс істеген.

2019–2023 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ-пен байланыс департаментінде сарапшы, кейін Мемлекеттік ақпараттық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың желтоқсанынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.

 

Пікірлер