Өзбекстан Республикасында бірнеше ер адамға сақал өсіргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Podrobno.uz-ге сілтеп.
Басылымның мәліметінше, жоғарғы сот сайтындағы сот шешімімен бірнеше аймақта өзбекстандықтар сақал өсіргені үшін жауапқа тартылды.
Айыппұл көлемі шамамен 3,4 миллионнан 5,1 миллионға дейінгі сум.
Ер адам сақалын алудан бас тартқан жағдайда бұзақылық жасады және ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсы болды деп айыпталуда.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда бетін тұмшалап алған әйелдер де айыппұл арқалаған болатын.