Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Жошы Ұлысының 800 жылдығы» және ҚР Конституция күніне орай 2024 жылғы 19 тамыздан 23 тамызы аралығында археологиялық қазба жұмысын жүргізді.
"Зеренді ауданы Васильковка ауылының оңтүстік - шығысында, Шағалалы өзенінің бойында орналасқан орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде мойынға тағатын аспалы қола айна табылды", - деді Ақмола облысы мәдениет басқармасынан.
Аталмыш экспедицияға археолог, Евразия ұлттық универсетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Данияр Тілеуқабылов, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» директоры Жасұлан Үкеев, ақын, өлкетанушы – журналист Алмас Темірбай және Евразия ұлттық университетінің магистранттары: Мұса Рысбергенов, Сүлейман Тлекішев, Әмір Тагленов, Артур Мухаметзянов және Өзен орта мектебінің мұғалімі Шынболат Оралов оқушыларымен қатысты.