Тұтынушыларға бағдарланған сервистік аппаратты қалыптастырудамыз

912
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап өңірлік жастар кадрлық резервіне құжаттарды қабылдау басталды. Батыс Қазақстан облысында бұл шара қалай өтіп жатыр?

Жастарды қолдау және дарынды мамандарды мемлекеттік қызмет саласына тарту мақсатында Президенттің бастамасымен «әлеуметтік лифт» ретінде Президенттік жастар кадр резерві мен өңірлік кадрлық резерв жобалары жүзеге асырылуда.

Биылғы жылдың 1 нурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада алғаш рет өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу өткізілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

Іріктеуді өңірімізде Батыс Қазақстан облысының облыс әкімінің басқаруымен Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған адамдар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Іріктеуге Қазақстан Республикасының азаматтары, 35 жастан аспаған,  жоғары білімі бар, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес талаптар қойылды.

Іріктеу индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салалық бағыттары бойынша өткізілуде.

Өтіп жатқан іріктеуге 423 астам адам ниет білідіріп, 273 қатысушы іріктеуге жіберілді.

Қазіргі кезде, үміткерлер, заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау тестілеу кезендерінен өтіп, нәтижесінде ең жоғары баллдарға ие болғандар құзыреттерді бағалау кезенінен өтуде. Бұл кезен Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта ұйымдастырылуда.

Аталаған кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.

Келесі кезең – ол комиссиядағы құрылымдық сұхбат. Сұхбат кезінде кандидаттар таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентация жасайды.

Презентация барысында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашуы қажет.

Соңғы кезеңде комиссияның отырысы өткізіліп, резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.

Өңірлік кадр комиссиясының шешімімен резервке екі жыл мерзіміне енгізіледі.

Қазіргі таңда жастарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары жүргізілуде, осы туралы айтып берсеңіз.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипатқа ие болып, қоғамға бағдарлануы үшін түбегейлі өзгеруді талап етуде.

Осыған байланысты, мемлекеттік аппарат жүйесі қоғамның талабына сай өзгеруі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, кәсіби деңгейі мен олардың адами қасиеттері өзара үйлесім табуы маңызды. Мемлекеттік аппараттың тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшену қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.

Енді мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалатын болады.

Бұл тетік білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

Өзгерістер енгізілгеннен бастап, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекетті органдарға жоғары оқу орындарының
16 түлегі орналасып, бас және жетекші маман лауазымдарында қызмет атқаруда.

Бүгінде облысымызда мемлекеттік органдарда 35 жасқа дейінгі 1075 жас маман (33%) қызмет етеді.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада көзделген үш кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу жас мамандардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Біліктілік талаптары жеңілдетіліп, облыстық басқармаларға жұмыс өтілісіз түсуге болады, аудандық және ауылдық деңгейлерге орта кәсіптік білімі бар үміткерлер, жеңілдетілген тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтіп, қабылданады.

Қазіргі таңда, 2021 жылдың 1 шілдесінде енгізілген факторлық-балдық шәкілге негізделген жаңа еңбекақы төлем жүйесі енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы еңбек нарығындағы орташа еңбекақысына бәсекелестікке ие.

Сонымен бірге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ауыл әкімі аппараттарының бас және жетекші мамандары енгізіліп, 100 АЕК біржолғы көтерме жәрдемақысы және 2000-2500 АЕК тұрғын үй сатып/салып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына тікелей бақылау жүргізетін орган болып табылады. Осы орайда, өңірде әдеп бұзған мемлекеттік қызметшілер бар ма?

Департаментке мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциясы жүктелген.

Департаментпен аталған функцияларды жүзеге асыру кезінде басымдылық заңнама бұзушылықтарының профилактикасына беріледі.

Осылайша, жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын түсіндіру, қызметтік әдепті нығайту бағытында 135 іс-шара өткізілді.

Десек те, құқық қолдану практикасында әдеп талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілердің бұзушылықтары анықталуда.

Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылыққа тартылуына мониторинг нәтижесінде, бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері белгіленген талаптарды сақтамайтыны анықталды.

Бұл ретте, айта кетуіміз керек, әдеп бұзушылықтардың профилактасы жұмыстары бағытында Департамент, бір жағынан, түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізсе, екінші жағынан, бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғалардың тиісті жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеу бойынша шараларды қабылдауда.

Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы бақылаушы орган болып табылады. Өз кезегінде, азаматар мемлекеттік органдардың жұмысына көп наразылық білдіреді. Осы ретте, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай да нәтижелер бар ма?

Ия, әрине. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Департаменттің бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың профилактикасы мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуына басымдық беріледі.

Осылайша, есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына, жұмыс уақыты режиміне, олардың бағалауына және бонустар төлеуіне, мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне мониторинг жүргізілді.

Талдау нәтижелері бойынша 11 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.

Осыған қоса, дербес мемлекеттік органдардың қызметшілері жұмыс орнында үстеме жұмысқа тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығы рәсімделмей, отырғандары анықталып, мониторинг нәтижесі бойынша 79 мемлекеттік қызметшіге қосымша демалыс уақыты ұсынылды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 42 мемлекеттік қызметшіге тиісті 2 612 957 теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.  

Сонымен қатар, есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілерге бағалау қорытындысы бойынша бонус төлеу басталды.

Бұл ретте, Департаментпен 2 мемлекеттік қызметшіге негізсіз 312 998 теңге көлемінде төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді.

Соған қоса, Департаменттің ұсынымымен 22 мемлекеттік қызметшіге тиісті бағалау өткізу қамтамасыз етіліп, негізсіз төленбеген бонустарды төлеу жөнінде шаралар қабылдануда.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілер арасында заң үстемдігі, әділеттілік үстемдігі қағидатын бекітуге және мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жүргізеді. Осы салада қандай жұмыстар атқарылуда?

Департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл ретте, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.

Осы ретте, Департаментке келіп түскен өтініштер бойынша қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.

Қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент арыз шағымдарды қарау кезінде қызмет алушылардың уәждері расталған жағдайда бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті ұсынымдар жолданады.

Ағымдағы жылы Департаментпен 4 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, арызданушы А. жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді ала алмай Департаментке шағыммен жүгінді.

Департаментпен қызмет алушы А. Шағымы негізінде жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша қызмет алушыға мемлекеттік қызмет толық көрсетіліп, жердің нысаналы мақсаты өзгертілді.

Атап өту керек, жақын арада барлық өңірлерде Агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram чат іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы
QR-кодтар көрсетілген.

Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады.
Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

Осылайша, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау аясында Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісті бақылаумен қамтиды.

Бақылау жүргізу тәртібі саласында орын алып жатқан өзгерістер туралы айтсаңыз.

Департамент шағымдарды қараумен шектелмей, қашықтықтан мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік қызеттерді көрсетуді сүйемелдейтін ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастырып, тексеру объектісіне бармай-ақ бұзушылықтарды қашықтықтан анықтап, оларды жою және алдын алу бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Атап айтсақ, осындай мониторинг шеңберінде Департаментпен ағымдағы жылы бірқатар бұзушылықтар анықталып, ұйғарымдар енгізілген.

Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, негізсіз бас тарту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін бұзу фактілері болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендей Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа тәсілдерді қолдана отырып бақылауды жүзеге асыратын болады. Ол дегеніміз қызмет алушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз.

 Байсалов Мұрат Сейлбекұлы,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаментінің басшысы

Пікірлер