Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шетелдік boxingnews.com сайтының мәліметінше, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған. Бұл әрекеті үшін оған жақсы ақша да уәде етілген.
Головкин 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек.
ҰОК президенті Геннадий Головкин БАҚ-қа берген сұхбатында бокспен қош айтыспағанын айтқан болатын.