117 жасқа толған ең кәрі әйел өмірден өтті

1281
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Әлем бойынша ең кәрі саналған әйел көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2024 жылдың наурызыда 117-ші туған күнін тойлаған испандық Мария Браньяс Морера өмірден өтті.

Шетелдік БАҚ әйелдің ақыл-есі сау болғанын, өмірінің соңғы күндеріне дейін денсаулығы жақсы болғанын жазған.

Ол өмірден өтер шағында отбасы мүшелеріне "қайда барсам да, бақытты боламын” деп уәде беріп кеткен көрінеді.

Пікірлер