Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған таеквандо федерациясының президенті қызметінен кетті

1462
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар жүлдеге қол жеткізе алмады.

Федерация басшысымен қоса, вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.

Осыған дейін бокс федерациясы да құрамын таратқан еді.

Пікірлер