Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді

2434
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6847.jpeg
Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен вице-президенті қызметінен босатылғаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Бокстан ерлер ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамы жұмыстан толықтай шеттетілді. Шешім Спорт комитетімен келісілді", – делінген хабарламада.  Осылайша, келесі өзгерістер орын алды: Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен жаттықтырушылар құрамынан 10 маман қызметінен босатылып, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов те қызметінен кетті; Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.  
Комментарии