Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды

1841
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз»,–деп жазды ол.

Айтуынша, кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, 14 тамызда президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Пікірлер