Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланды

1424
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салуды көздейтін петиция пайда болды. Бұл туралы  Еpetition.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Петиция авторы "кикшерингтік компаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, полиция жеткілікті бақылауды қамтамасыз ете алмайды, ал сервистерді пайдаланушылар заңға да, жалпы адамгершілік принциптеріне де бағынбайды" деген себеппен электр самокаттарын жалға беруге тыйым салуды ұсынды.

Әзірге петицияға қол қойғандар саны аз. Петицияны көргендер әрбір оныншы адам петициядағы талаптармен келіскен.

Пікірлер