Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салуды көздейтін петиция пайда болды. Бұл туралы Еpetition.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Петиция авторы "кикшерингтік компаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, полиция жеткілікті бақылауды қамтамасыз ете алмайды, ал сервистерді пайдаланушылар заңға да, жалпы адамгершілік принциптеріне де бағынбайды" деген себеппен электр самокаттарын жалға беруге тыйым салуды ұсынды.
Әзірге петицияға қол қойғандар саны аз. Петицияны көргендер әрбір оныншы адам петициядағы талаптармен келіскен.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
