Олимпиада біткенде. Легионер Рыбакина да сауығып, жаттығуға оралды

1545
Adyrna.kz Telegram

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы легионер Елена Рыбакина 2024 жылғы Олимпиадаға шығудан бас тартқаннан кейін жаттығуға оралды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Елена Рыбакина Цинциннатиде (Огайо штаты, АҚШ) WTA 1000 турнирі басталар алдында теннистік кортта дайындық жаттығуларын өткізді. Дайындық жүргізіп жатқан жарысы 13 тамызда басталады.

Турнир ұйымдастырушылары әлеуметтік желіде атап өткендей, Рыбакина чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке қатысады. Егер легионер шын мәнінде жарысқа қатысатын болса, бұл оның 2024 жылғы Олимпиададан бас тартқаннан кейінгі алғашқы жарысы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі ойындардың ашылу салтанатына бір күн қалғанда легионер Рыбакина қатысушылар тізімінен шығарылған болатын. Ол денсаулығына байланысты кортқа шыға алмайтынын айтып, қазақстандықтардан кешірім сұраған еді. Сондай-ақ, екінші легионер Юлия Путинцева да Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.

Пікірлер