Париж-2024. Алматыда Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

1021
Adyrna.kz Telegram
фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев
фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Бүгін, 7 тамыз қазақстандықтар Алматы әуежайында Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының бір легін қарсы алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Елге оралған спортшылардың арасында Олимпиаданың қола жүлдегерлері  Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, күміс медальдің иегері  Нариман Құрбанов болды. Оларды Алматының халықаралық әуежайынан БАҚ өкілдері, жақындары мен жанекүйерлері салтанатты түрде күтіп алды.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 27 шілдеде пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.

3 тамызда Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Пікірлер