Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті

2879
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады",-делінген хабарламада.

Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.

Сондай-ақ, қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанғаны хабарланды.

Пікірлер