Олимп зәуінен көрінген зада спортшылар

1129
Adyrna.kz Telegram
фото: коллаж adyrna.kz
фото: коллаж adyrna.kz

Париждегі Жазғы ойындар олимпиадасы мәресіне жақындап қалды. Елден барған спортшылардың осы жолғы және алдыңғы Олимпиададағы жетістігі мен жеңісі қандай болған еді?

Енді бірер күнде Олимпиада да аяқталмақ. Жанкүйерін бір күйінтіп, бір сүйінткен Қазақстан спортшыларының беталысы командалық тұрғыдан алғанда аса мақтайтындай емес.

ПАРИЖ ПЕШЕНЕСІ

Төрт жылда бір өтетін Олимпиада бәйге дзюдошы Елдос Сметовтің алтынға қол жеткізуімен, Ғұсман Қырғызбаевтың - қола, нысана көздеуден Ислам Сәтпаев пен Александра Ле екеуі қола медаль еншілеуімен басталғаны әуелде қуантқан.

Әйелдер құрамасынан боксшы Назым Қызайбай 50 келі салмақта әлем чемпионы,  Азия ойындары жеңімпазы Ву Юден десі басым бола алмағаннан және шалт қимыл жетіспегеннен қоланы алқа қылса,  отандасымыз Нұрбек Оралбай алғашқы Олимпиадасында-ақ ақтық кезеңге дейін өтіп, украиналық Александр Хижнякқа тым-тым аңғарымпаздығынан әрі қарсыласы лыпылынан күміс иегері атанды.

Грек-рим күресінен Демеу Жадыраевтың күміс медаль иеленді. Шешуші бәсекеде 77 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық палуан жапониялық Нао Кусакадан ұпай жағынан алға озғанмен, соңына қарай әккі бәсекелес тәсілқойлығы мен қорғанысы арқасында ұтыс соныкі екенін айқын білдіргендей.

АЛДЫҢҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

2016 жылы Рио-де-Жанейрода 69 келі салмақта Данияр Елеусін есімді азамат қоржынымызға алтын медаль қосқаны бар-ды. Тағы бір спортшымыз Әділбек Ниязымбетов 81 келі салмақта кубалық Хулио Сесару Ла Крусқа 0:3 есебімен есе жіберіп, 2011 және 2013-жылдардағы әлем чемпионаты финалынан бергі үшінші кездесуі күміс жүлде ұтуымен аяқталды. Күрес барысында Хулио тіптен жерге сұлап та түсті, әйткенмен төрешілер бұны нокдаун деп есептемеді. Әділбек қанша кереметтей әдіс қолданғанмен, 1 ұпай аңсары ауған жеңістен айырып тұрды-ақ.

2020-шы жылғы Олимпиада Қазақстан ұлттық құрамасы үшін аса өнікті болды деп айта қоймаспыз. Бокстан да, өңге спорт түрлерінен де сол уақта бұйырып тұрғаны қола медаль еді.

Мәселен, Қамшыбек Қоңқабаев дейтін боксшымыз 91 келі салмақта америкалық Ричард Торрезбен былғары қолғап түйістіріп, екінші раундта қазылар спортшымызды бірер ұпайдан айырып, соңына таман нокдаунға кеткені бар-ды. Үшінші раундта Қамшыбек тым ауыр соққы алуы салдарынан жекпе-жекті тоқтатып, ақтық кезеңге өтпей қалады.

Сәкен Бибосыновқа келсек, 52 келі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз британиялық Галал Яфайдан жеңіліп, финалға шыға алмап еді. Алғашқы раундта Сәкен қарсылас соққысын аңдап үлгермей, нокаутқа кете жаздады-ақ. Содан ба екен, отырған төрешілер өз дауысын Галалға бергені. Екінші раундта спортшымыз бой-ойын жиып, 3:2 есебімен бәрін қалыпқа келтіргенмен, соған қарамастан үшіншісінде қазылар британиялық боксшыны жеңімпаз деп таниды.

Биыдғы Париждегі Олимпиада ойындары жанкүйер біткеннің жан-жүрегін дірілдетіп те атқақтатып жатқаны рас-ақ. Әйгі кәсіби боксшы Мұхаммед Әли айтқандай «Чемпион спорт залынан өніп шықпайды. Чемпионды ішкі дүниенің терең қатпарындағы тілек, арман, көзқарас туындатады».

Аружан Ағыбаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

журналистика факультеті

4 курс студенті

 

 

 

Пікірлер