Трамп трансгендерлерді спорттық жарыстарға қатыстыру мәселесін қайта көтерді

683
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r3ToUXNusjWRtLlVj4Sr7XOP8xrvGHdS1aS4PffP.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Өкілдер палатасында Республикалық партия мүшелерімен өткен кездесуде трансгендер спортшыларды әжуалады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ақ үй басшысының сөз сөйлеген сәтінен түсірілген видеоны бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары жариялады. Видеода Трамп гантель көтеріп тұрғандай қимыл жасап, бет-аузын қисайтады.

«Жұбайым мұны жасағанымды жек көреді. Ол мұндай әрекет президентке лайық емес деді. Бірақ мен оған: “Мен бәрібір президент болдым ғой”, - деп жауап бердім», – деді Трамп сахнада.

Сондай-ақ ол трансгендерлік ауысудан өткен екі спортшының бокстан алтын медаль жеңіп алғанын айтып, мұны «абсурд» деп атады және олардың «бұрын-соңды кездеспеген күшке тап болғанын» мәлімдеді.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін де осындай пікірлер айтқан. 2025 жылдың мамыр айында Алабама университетінде сөйлеген сөзінде де ол трансгендер спортшылар туралы ирониямен пікір білдірген болатын.

Пікірлер