Қазақстанда автобус апаты салдарынан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп.
«Сараптама көрсеткендей, республика бойынша автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 56%-ға өскені байқалады. Тек биылғы жылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
Елдегі жол қауіпсіздігін арттыру және жол жағдайын жақсарту мақсатында жол қозғалысы ережелеріне елді мекендерде автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілгені хабарланды. Бұл түзетулер 2024 жылғы 6 мамырда күшіне енді.
«Жылдамдықты асыру қашан да ауыр зардаптарға әкеп соғады, сондықтан елді мекендерде жылдамдықты 50 км/сағ дейін шектеу шаралары қабылданды», - делінген хабарламада.