Елімізде жыл басынан бері автобус апатынан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алғаны айтылды

957
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/izobrazhenie_2024-08-07_121819712.png
Қазақстанда автобус апаты салдарынан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп.  «Сараптама көрсеткендей, республика бойынша автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 56%-ға өскені байқалады. Тек биылғы жылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алды», - делінген хабарламада. Елдегі жол қауіпсіздігін арттыру және жол жағдайын жақсарту мақсатында жол қозғалысы ережелеріне елді мекендерде автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілгені хабарланды. Бұл түзетулер 2024 жылғы 6 мамырда күшіне енді. «Жылдамдықты асыру қашан да ауыр зардаптарға әкеп соғады, сондықтан елді мекендерде жылдамдықты 50 км/сағ дейін шектеу шаралары қабылданды», - делінген хабарламада.
Comments